+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
26 Янв, 14:30

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары (9 сынып - 1, 10 сынып - 2, 11 сынып - 2) қатыса алады.

Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:

І айналым – эссе;

ІІ айналым – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша тапсырма.

Олимпиадаға қатысуға өтінімді, қатысушылардың жеке құжаттарының көшірмесін (жеке куәлік/туу туралы куәлік) 2024 жылдың 8 ақпанына дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының

аты-жөні (жеке куәлік бойынша)

Аудан/қала

Сыныбы

Мектебі

Әлеуметтік статусы

Дайындаған мұғалімнің толық аты-жөні (жеке куәлік бойынша)