+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20 Қыр, 18:04

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығы  жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізді.

Байқаужазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізілді.

Талантты оқушыларға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Асқар Жакулин атындағы және Қабдеш Жұмаділов қорлары.

Байқауға Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының барлық аудандары мен қалаларының қатысуға қызығушылық танытқан дарынды оқушылары қатысты.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді:

1. «Тарих тудырған талант» номинациясы - Қазақстанның халық жазушысы Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы бойынша эссе жазу номинациясы.

2.«Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы» атты номинациясы бойынша «Соңғы көш» романынан үзіндіні жатқа оқу.

Байқау аясында жазушының ұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚБТУ қауымдастырылған профессоры Жұмаділ Арман Қабдешұлымен қатысушылар арасында кездесу ұйымдастырылып, әсерлі сұхбат жүргізілді. Сұхбат түрінде өрбіген кездесубарысында оқушылар жазушының шығармашылығынан, ғибратты өмірінен сұрақтар қойып,  қойылған сұрақтар төңірегінде  қызықты жауаптар алды.

Шығыс Қазақстан Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің залында салтанатты түрде байқаудың жабылу рәсімі өтті. Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың екі номинациясының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 11; ІІ дәрежелі дипломмен - 13; ІІІ дәрежелі дипломмен - 15 оқушы марапатталды.

Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар, медальдар және барлық қатысушыларға сертификаттар мен шығармалар жинағы табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Сәттілік және алдағы жеңістер тілейміз!