+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
почта
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектеп оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңінің өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ
14 Сен, 17:03

1. Жалпы ережелер

1.1. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектеп оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңінің өткізу туралы ереже (бұдан әрі – Жарыс) қазақ күресінен оқушылар арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған Республикалық жарысты өткізу ережесіне сәйкес әзірленді. 

1.2. Осы Ереже Жарыстың мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны жүргізу және қаржыландыру тәртібін айқындайтын болады.

1.3. Жарыстың мақсаты мен міндеттері:

- қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру;

- ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау;

- мектеп жасындағы балаларды дене тәрбиесі мен спортқа тарту;

- салауатты өмір салтын насихаттау.

2. Жарысты  ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Жарыстың дайындалуына және өткізілуіне жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») жүзеге асырады.

2.2. Облыстық жарыстарды өткізу ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен бас төрешілер алқасына жүктеледі.

2.3. Жарысқа қатысуға рұқсатты мандаттық комиссия жүзеге асырады.

2.4. Облыстық жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мектеп оқушылары қатысады.

2.5. Жарысқа медициналық тексеруден өткен 2007-2008 жылдары туған (ұл, қыз) оқушылар және қосымша дәрігер анықтамасы бар 2009 жылы туған оқушылар қатыса алады. Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мектептерінің құрама командалары қатысады. Команда құрамында 1 жаттықтырушы, 1 төреші болуы шарт. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Төрешісі жоқ команда жарысқа жіберілмейді!

2.6. Жарысқа қатысу туралы растау хаты (1 қосымша) аудандық және қалалық білім бөлімдерінен ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының sporturizm@shygysdaryn.kz. мекенжайы бойынша 2023 жылғы 18 қыркүйекке дейін жолданады.

2.7. Жарыстарға қатысу үшін командалар мандаттық комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) Жарысқа қатысуға дәрігер және білім беру саласындағы тиісті атқарушы билік органы өтінім(2 қосымша);

2) қатысушының жеке куәлігі және оның көшірмесі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);

3) оқушының аталған оқу орнында, спорт мектебінде оқитынын растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (3 қосымша);

4) қатысушының сақтандыру полисі.

Ескерту: Осы аталған құжаттар жоқ командалар жарысқа жіберілмейді, қатысушының өтінімде көрсетілмегені анықталса, команда жарыстан алынады!

2.8. Жаттықтырушы-оқытушы жол бойында және жарыс күндерінде спортшылардың өмірі, қауіпсіздігі және денсаулығы үшін жауап береді. Бапкерлер мен командалардың қатысушылары Өскемен қаласына күндізгі уақытта ғана жол полициясының сүйемелдеуімен барады.

3. Жарыстың өткізу шарттары

3.1. Жарыс 2023 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Өскемен қаласында өткізіледі.

3.2. 27 қыркүйек – тіркелу, қатысушылардың салмағын өлшеу, сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін мандаттық комиссия, сағат 18:00-де бас төрешілер алқасының командалардың өкілдерімен отырысы, 28 қыркүйек – жарыс.

3.3. Жарыс жекелей жүйемен және командалық жүйемен өтеді.

3.4. Жарыс төмендегі салмақ дәрежелері бойынша өткізіледі:

Ұлдар: 46, 50, 55, 60, 65, 70, 76, 82, +82 кг

Қыздар: 40, 44, 48, 52, 56, 60, 65, +65кг

4. Марапаттау

4.1. Жарыста І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

5. Жарысты қаржыландыру

5.1. Жарысты қаржыландыру бекітілген смета бойынша ДпҚББД ШҚ «Дарын» орталығы есебінен.  

5.2. Қатысушыларды, жаттықтырушыны және төрешіні жіберуге байланысты шығыстарды (тұратын орын, тамақтану, жолақысы, тәуліктік ақы) жіберуші ұйым (аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, спорт бөлімдері) төлейді.