+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ұлдар және қыздар командалары арасында волейболдан Республикалық Ұлттық спорт лигасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
16 Мау, 17:55

2023 жылғы 12-16 маусым аралығында Өскемен қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында волейболдан Республикалық ұлттық спорт лигасы өтті.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысы атынан Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі мен Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғарғы колледжі студенттерінің ұлдар және қыздар командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте облыс студенттері келесі орындарға ие болды:

ІІ орын - Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің ұлдар командасы;

ІІІ орын - Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғарғы колледжінің қыздар командасы.

Номинация бойынша үздік ойыншылар:

- Үздік қорғаушы – Хасенов Ерасыл, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, 2 курс студенті;

- Үздік шабуылшы - Серьянова Самира, Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғарғы колледжі, 2 курс студенті;

- Үздік байланыстырушы - Сембинова Аружан, Қазақстан-Американдық еркін университетінің жоғарғы колледжі, 1 курс студенті.

 

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!