+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Мектеп жанындағы тілдік лагерлерде жазғы демалысты ұйымдастыру сюжетінің қорытындысы
09 Мау, 18:13

2023 жылдың 09 маусымы күні Өскемен қаласы, «№35 мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп жанындағы тілдік лагерлерьде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Мақсаты - мектеп жанындағы лингвистикалық лагерлерьде жазғы демалысты ұйымдастыру.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1962 жылы құрылған. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепте білім беру мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бүгінгі таңда 2022-2023 оқу жылын  1413 оқушы аяқтады.  Биылғы оқу жылындағы білім сапасы 75,9 пайыз болды.  Солардың ішінде - 337 оқушы оқу озаты, 622 оқушы оқу екпіндісі. Мектеп оқушылары көптеген шығармашылық байқаулар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Сұхбат барысында мектеп директоры - Таимова Анна Мұхамеданқызы (жазғы демалыс кезінде біздің мектептің базасында көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Балдәурен» мектеп жанындағы тілдік лагері жұмыс істейді) түрлі ойындарды қолдану тілді ойын-сауық түрінде меңгеруге ықпал ететінін, зеректігін дамытатынын, зерттелетін тілге деген қызығушылығын қолдайтынын атап өтті. Мектеп жанындағы лагерьде балалармен коммуникативтік ойындар (лексиканы зерделеуге, айтылымды пысықтауға, сөйлеу дағдыларын меңгеруге), отрядтық және отрядаралық іс-шаралар (тілдік конкурстар, викториналар, жобалар, отрядтық газеттер құру), оқыту шығармашылық шеберханалары (би және музыка шеберханалары), театр қойылымдары ұйымдастырылған. Орыс және ағылшын тілдерін оқыту бағдарламасы балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған және мектеп жанындағы лагерьдің барлық маусымына арналған.

Көптілді білім беруді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының барлық балалар мектеп жанындағы лагерьлерінде тілдерді оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыстың барлық оқушыларына жазғы демалысты тамаша өткізулерін тілейміз!