I. Жалпы ережелер
1. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетін (бұдан әрі – Слет) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
3. Слеттің міндеттері:
- ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, Кіші Отанын зерттеуге тарту;
- тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
4. Слетті Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылықты пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі-ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») күндізгі (офлайн) форматта өткізеді.
5. Слетті ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
II. Слетті өткізу уақыты мен орны
6. Слет 2023 жылғы 12 мамырда Өскемен қаласында өткізіледі.
7. Білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер директорларының қолы қойылған слетке қатысуға хат 2023 жылғы 30 сәуірге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Өскемен қ., Абай к-сі, 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын», тел. 8 (7232) 70-26-74, е-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz.
8. Хатқа келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1) слеттің аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздарының облыстық слетке қатысуы туралы өтінім (№1 қосымша);
2) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын сканерленген құжаттар.
Әрбір өтініш беруші бір ғана өтініш бере алады. Бір қатысушының екі және одан да көп номинацияларда бірлескен авторлыққа жол берілмейді.
9. Слет қорытындысы ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» сайтында орналастырылады.
10. Слетке ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Слетті ұйымдастырушылар конкурс материалдарын авторды көрсете отырып БАҚ-та жариялауға құқылы.
III. Слетке қатысушылар
11. Слетке жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – аудандық/қалалық слеттер номинациялары бойынша жеңімпаздардың құрама командалары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 6-10 сынып (2023 жылғы қыркүйек айына 12-17 жас)
12. Әр ауданнан, қаладан команданың сандық құрамы: 9 білім алушы және 1 топ жетекшісі.
13. Слет өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұратын жеріне қайтар жолда балалардың өмірі мен денсаулығы үшін білім бөлімі айқындаған топ басшысы жауапты болады.
Топтың әрбір қатысушысы іс-шара өткізілетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты болады.
14. Топ жетекшісінде келесі құжаттар болуы тиіс:
1) Слеттің облыстық кезеңіне қатысу үшін білім алушылар мен топ жетекшілерін жіберу туралы білім бөлімі басшысының бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәліметтер (білім алушының Т.А. (толық), туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, үй мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс атауы, Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, жарысқа қатысушы жетекшісінің ұялы телефоны);
3) топ қатысушылары мен жетекшінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (куәлік (паспорт) немесе туу туралы куәлігі);
4) дәрігердің қолымен және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) қатысушылардың ата-аналарының нотариалды куәландырылған сенімхаттары.
IV Слетті өткізу тәртібі және шарты
15. Іс-шараларға қатысу арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру мақсатында Слет үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Слет;
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық Слет;
Үшінші кезең – облыстық Слет (12 мамыр 2023 жыл, Өскемен қ.).
16. Слеттің бірінші және екінші (біліктілік) кезеңдерін өткізу мерзімі аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының бұйрықтарымен айқындалады.
17. Слет санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың көп жиналуын болдырмай немесе қашықтықтан өткізіледі.
18. Слет келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
I. Өлкетану блогы.
1) Екі бағытта «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша іздеу-зерттеу жұмыс жобаларының презентациясы:
1. Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет – туған өлке мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи, археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерттеуге және қорғауға қатысу туралы; ауызша халық шығармашылығының бай мұрасы, республикада тұратын халықтардың салт-дәстүрлері туралы; мектеп мұражайларын ашу туралы; тұрмыстық заттар, киім-кешек, ұлттық тағамдар дайындау туралы; қызықты адамдармен, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы (1 қатысушы).
2. Туризм-спорт, денсаулық, демалыс – далалық және санаттық жорықтарға, бір күндік және көп күндік саяхаттар мен экспедицияларға қатысу туралы, ауданда, қалада, тұрғылықты жерінде туристік слеттерге, жарыстарға, жорықтарға қатысу туралы (1 қатысушы).
Слайдқа қойылатын талаптар: презентациядағы слайдтар саны 20-дан аспауы тиіс. Әрбір слайдтың тақырыбы, бейнелеуі (фото, сурет, сызба және т.б.) және мәтіні болуы тиіс. Мұқаба парағында келесі ақпарат болуы тиіс: номинация аталуы, қатысушының аты-жөні, жасы, e-mail, қатысушы жетекшісінің Т.А.Ә., білім беру ұйымының толық аталуы, облыс, аудан, қала, ауылы.
Жобаны қорғау кезінде жұмыстың авторына 7 минут беріледі.
Бағалау критериясы:
- Зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы;
- Жұмыстың мақсатын;
- Қойылған мақсатқа жету әдістері;
- Жұмыстың зерттеу сипаты. Жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі;
- Жоба мазмұнының сапасы;
- Нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығы;
- Жұмыстың негізгі қорытындылары;
- Техникалық безендіру;
- Тақырыпты ашудың толықтығы. Номинацияға сәйкестігі.
Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.
II. Туристік блок.
2) «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – туристік кедергілер жолағынан өту туралы байқау.
Туристік кедергілер жолағы үш кезеңнен тұрады:
1) аспалы өткел;
2) параллель таяныштар;
3) маятник.
Команда құрамында 4 адам (3 ұл және 1 қыз) талаптарға сәйкес кедергілер жолағынан өтеді.
Бағалау өлшемдері:
- кедергілер жолының барлық элементтерін сапалы орындау;
- жолақтың өту уақыты;
- техникалық талаптарға сәйкестігі.
3) «Жартасқа шығу» номинациясы жартасқа шығу жарысы «жылдамдық» және «қиындық» түрі бойынша жартасқа шығу жарыстарын өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі. Топ жасанды рельефтегі трассадан өтеді. Топ құрамы - 2 қатысушы (1 ұл + 1 қыз).
Жарыс қорытындысы қатысушылардың қашықтықты ең қысқа мерзімге өтуіне қарай әр түрі бойынша бөлек шығарылады. Керекті құрал-жабдықтар: сақтандыру құралы (төменгі бөлігі-беседка), арнайы аяқ киім (скальные туфли), магнезия.
III. Шығармашылық блок.
4) «Туристік әндер» байқауы.
Әр команда бір нөмірден көрсетеді (1 қатысушы).
Негізгі музыкалық аспап – домбыра, гитара.
Орындау уақыты – 5 минуттен артық емес.
Театрландыру және сахналандыру элементтеріне жол беріледі. Фонограммамен орындауға жол берілмейді. Байқауға қатысуға нормативтік емес лексика, қорлау сипаты бар, адам құқықтарын таптаушы, діни және ұлттық араздық тудырушы шығармалар жіберілмейді.
Бағалау өлшемдері:
- Туристік ән жанрына сәйкестігі;
- Сахналық мәдениеті;
- Вокалдық қабілеттері;
- Орындау шеберлігі;
- Аудиториямен байланыс;
- Орындау мәнерлілігі және эмоциялығы;
- Орындаушының сырт келбеті.
V. Слеттің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
19. Кәсіби қазылар алқасы Слетті бағалау критерийлеріне сәйкес конкурстық жұмыстарды бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
20. Слет қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушыларға Слетке қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
21. Қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығының https://www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
22. Ең көп балл жинаған номинациялар бойынша жеңімпаздар 2023 жылғы 28-29 қыркүйекте «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысады.
Анықтама телефоны:8 (7232) 70-26-74.
VI.Слетті Қаржыландыру
23. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
24. Слеттің аудандық/қалалық кезеңін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
25. Слет қатысушыларының оны өткізу орнына, өткізу кезінде және кері қайту жолындағы жол жүруі мен тамақтануына ақы төлеу жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жетекшінің іссапар ақысы жіберуші тараптың есебінен төленеді.