1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) облыстық кезеңін өткізудің мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін айқындайды.
2. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын ынталандыру, жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.
3. Олимпиаданың міндеттері:
- оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша білімге қызығушылығын ынталандыру;
- ғылыми-практикалық қызметке шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықты анықтау және дамыту;
- дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу.
2. Олимпиадаға қатысушылар
4. Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары қатысады.
5. Олимпиада жалпы орта білім берудің тереңдетілген деңгейдегі білім беру бағдарламаларының мазмұнына негізделген тапсырмалар бойынша өткізіледі.
6. Олимпиаданың облыстық кезеңіне бекітілген квотаға сәйкес 24 оқушыдан тұратын аудандардан, қалалардан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден оқушылар командалары қатысады (1-қосымша).
7. Олимпиаданың республикалық кезеңіне жаратылыстану-математикалық бағыттағы («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика», «География») пәндер бойынша І орын алған (ең көп балл жинаған жеңімпаз) оқушылар квотаға сәйкес қатысады.
8. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні бойынша ұлты қазақ емес оқушылар ғана қатысады.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
9. Олимпиаданың І және ІІ кезеңдері жаратылыстану-математикалық бағыттағы («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика», «География») және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептердегі қазақ тілі» «Орыс тілі немесе әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі», «ағылшын тілі») пәндері бойынша өткізіледі.
10. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
11. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
I кезең - аудандық (қалалық) - 2023 жылғы 20 қаңтар;
II кезең – облыстық - 14 наурыз;
III кезең – республикалық (қорытынды) - мамыр.
12. Олимпиадаға қатысу білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының өтінімі (2-қосымша) негізінде жүзеге асырылады.
13. Пәндер бойынша Олимпиада 1 турда өткізіледі.
14. Қатысушылар орындаған тапсырмаларды объективті тексеру үшін Олимпиаданың әр кезеңінде әр пән бойынша қазылар алқасы құрылады. Олимпиаданың барлық кезеңдерінің қазылар алқасы:
- бекітілген бағалау критерийлері мен әдістемелеріне сәйкес орындалған тапсырмаларды бағалайды;
- Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін әр пән бойынша рейтинг негізінде және Олимпиаданы ұйымдастырушы белгілеген квотаға сәйкес анықтайды;
- Олимпиаданы ұйымдастырушыға оларды бекіту үшін нәтижелерді (хаттамаларды) ұсынады.
15. Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ оқытушылары, докторанттар мен магистранттар кіреді. Қазылар алқасының құрамына оқушылары олимпиаданың қатысушылары болып табылатын педагогтар мен жаттықтырушылар кірмейді.
16. Олимпиаданы өткізу кезінде ұйымдастыру комитеті интернетте немесе әлеуметтік желілерде тапсырмалардың таралуын болдырмауды ерекше бақылауға алуы қажет.
17. Әр қатысушы тапсырмаларды бір таңдалған пән бойынша орындайды.
18. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар Ұйымдастыру комитетінің интернет ресурсында жарияланады.
19. Оқушылардың тапсырманы орындау процесі және қазылар алқасының тексеруі кезінде бейнетрансляция жүргізіледі және көрсетілген бейнетаспа қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.
20. Олимпиада өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау үшін тәуелсіз бақылаушылар шақырылады.
4. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
21. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
22. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі
5. Қаржыландыру
23. Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру) жіберуші жақ есебінен төленеді.
242. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы жүзеге асырады.