І. Жалпы ережелер
1. Осы ереже 5-6 сынып оқушылары үшін облыстық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыруды, әдістемелікті қамтамасыз етуді, қатысу тәртібін және жеңімпаздарды анықтайды.
2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) болып табылады.
3. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
4. Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
5. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәніне ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендірілетін өзге ұлт оқушылары (ата-анасының екеуі де ұлты қазақ адамдар болмауы тиіс) қатысады.
ІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
- мектепішілік кезең – 2022 жылдың 30 қарашасына дейін;
- аудандық/қалалық – ағымдағы оқу жылының 30 желтоқсанына дейін;
- облыстық – 2023 жылы 14 наурыз;
- республикалық (ақтық) кезең - мамыр 2023 жыл.
ІІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2. Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданының дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- Олимпиаданың қазылар алқасы мен сарапшыларының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Олимпиаданың тапсырмаларын құрастырады және әзірлейді;
- Олимпиада нәтижелерін талдап, қорытындылайды;
- Олимпиаданың дайындалуын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
IV. Олимпиада қатысушылары
1. Олимпиадаға ШҚО білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары қатыса алады.
2. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
V. Олимпиаданың өткізу шарттары
1. Олимпиаданың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңдерін аудандық/қалалық білім бөлімдері өткізеді. Олимпиада тапсырмаларын аудандық/қалалық Ұйымдастыру комитеті құрастырады және дайындайды.
2. Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмаларын «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО құрастырады және дайындайды.
3. Әр пән бойынша орындалған жұмыстарды бағалау, критерийлерін бекіту, оқушылардың жұмысын тікелей тексеру және бағалау үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы бекітіледі.
4. Ұйымдастыру комитеті Олимпиада тапсырмаларының құпиялылығын сақтауға жауапты.
5. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар Ұйымдастыру комитетінің интернет ресурсына салынады.
6. Оқушылардың тапсырманы орындау және қазылар алқасының жұмыстарды тексеру процесіне бейнетрансляция жүргізіледі және көрсетілген бейнетаспа қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.
7. Олимпиада өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау үшін тәуелсіз бақылаушылар шақырылады.
8. Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің нәтижелері бойынша есеп (Қосымша №1), хаттама және өтінім ұсынылуы қажет. Олимпиаданың облыстық кезеңіне әр пән мен сынып бойынша ең жоғары балл жинаған 1 жеңімпаздан қатысады. Квота әр аудан/қаладан және облыстық мамандандырылған мектептерден 16 қатысушы.
9. Олимпиадаға қатысу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс (Қосымша №2) е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz поштасына жіберілуі қажет.
Қосымша ақпаратты 8 (7232) 70-02-44 нөмірі бойынша алуға болады.
VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
2. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
VII. Қаржыландыру
1. Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру) жіберуші жақ есебінен төленеді.
2. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы жүзеге асырады.