Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 2 ақпанда Өскемен қ. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында колледж студенттері арасында қазақ күресінен Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің жоғары колледжі, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі, Өскемен стоматологиялық колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары IT колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командалары қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен қазақ күресі жарысының қағидалары бойынша өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
1 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
2 орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі;
3 орын – Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!





