+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Балалар музыка және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың облыстық кезеңін республикалық фестиваль-байқауын өткізу туралы
26 Қаң, 17:06

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  2023 жылғы 23 ақпанда Балалар музыка және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың облыстық кезеңін республикалық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль – байқауы) Өскемен қаласында (Қабанбай батыр атындағы көшесі, 111, №1 Балалар музыка мектебі) офлайн форматта өткізеді.

Фестиваль-байқауға Балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, оқушылар үйлері мен сарайларының оқушылары қатыса алады.

Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға өтінімдерді texno_otdel@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылдың  16 ақпанына дейін жіберуді сұрайды.