Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 10 наурызында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының (бұдан әрі – Фестиваль-байқауы) облыстық кезеңін Өскемен қаласында офлайн форматта өткізеді.
Өткізілетін орны мен уақыты кейінірек хабарланады.
Фестиваль-байқауға 2006-2013 жылы туған жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға өтінімдерді rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылдың 1 наурызына дейін жіберуді қажет.