1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қосымша музыкалық білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы «Медианта» (бұдан әрі-Байқау) музыкалық-теориялық пәндерінен облыстық қашықтықтан өткізілетін Байқау ережесі, оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
2. Байқауды ұйымдастырушылар:
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы», Қазақстан ұлттық федерациясы ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК.
3. Байқау қашықтықтан өткізіледі.
4. Байқаудың мақсаты – музыкалық дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту үшін жағдай жасау, қосымша музыкалық білім беру мекемелерінде оқушыларды қамтуды арттыру.
5. Байқаудың міндеттері:
- оқушылардың музыкалық-теориялық пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- оқушылардың музыкалық көкжиегін және интеллектуалды деңгейін кеңейту;
- Шығыс Қазақстан облысындағы қосымша музыкалық білім беру мекемелері оқытушыларының тәжірибе алмасуы.
2. Байқауды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі
6. Байқау 2023 жылдың 16-17 наурызында өткізіледі.
7. Байқауға қатысуға өтінімдер (№1 қосымша) (https://www.youtube.com) арнасында жарияланған бейне материалға сілтеме) 2023 жылдың 1 наурызына дейін «Медианта» белгісімен myzschool@inbox.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
8. Байқау ақысыз, тегін өткізіледі.
3. Байқауға қатысушылар
9. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының қосымша музыкалық білім беру мекемелерінің оқушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады: орта және жоғары сынып оқушылары.
4. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
10.Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Қазақ композиторларының шығармашылығы» (қатысушының таңдауы бойынша);
- «Джаз өнері»:
а) Стильдер: рухани, блюз, регтайм, т.б.;
б) Орындаушылар: Л. Армстронг, Б. Гудман, Г. Миллер, Б. Смит, Э. Фицджеральд, Д. Эллингтон, И. Дунаевский, Л. Утёсов, Ю. Саульский, К. Орбелян, Г. Гаранян, И. Брил, А. Козлов, И. Бутман, К. Паркер (міндетті емес);
с) Джаз оркестрлері.
- «Классикалық композиторлардың шығармашылық мұрасы» (қатысушының таңдауы бойынша).
Байқауға талаптарға сәйкес келетін кез келген қолжетімді техникалық құралдармен түсірілген (жасалған) бейнежазбалар ұсынады.
- Бейнежазба ұзақтығы 3 минуттан аспайды.
- Бейнежазба өңдеу және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды қолдану қатысушының өз еркінде;
- Бейнежазбада ешқандай қосымша белгілер (логотип, авторлық құқық, жарнама элементтері және т.б.) болмауы керек;
- Бейнежазбаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі керек. Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, байқау тақырыбына сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды.
11. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:
1) материалды баяндаудың жүйелілігі (таңдалған тақырыпқа сәйкес);
2) жалпы эмоционалды әсер;
3) шешімнің өзіндік ерекшелігі (гармония мен тональдық жоспардың болуы).
12. Байқауға қатысуға қосымша білім беру ұйымынан төрт қатысушыдан рұқсат етіледі.
5. Байқау қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау
13. Байқауды бағалау критерийлеріне сәйкес кәсіби қазылар алқасы Байқаулар жұмыстарын бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады, хаттамамен ресімделеді және қайта қарауға жатпайды.
14. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Гран-при, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреат атақтарымен марапатталады.
15. Конкурсқа қатысушыларға грамоталардың электрондық нұсқалары 2023 жылдың 22 сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» сайтында орналастырылады.
Анықтама үшін телефондар:
- Дубейко Елена Анатольевна, №1 БММ, директордың ТЖ бойынша орынбасары, Өскемен қаласы, ұялы телефон: 8(705)530-67-35.