+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Колледж студенттері арасында Ұлттық спорттық лигасының облыстық кезеңін өткізу туралы
24 Қаң, 12:49

 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 1-24 ақпан аралығында Өскемен қаласында колледж студенттері арасында Ұлттық спорттық лигасының облыстық кезеңі өтеді.

Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды студенттерді анықтау.

Жарыстар колледждің күндізгі бөлімінде оқитын, ұлдар мен қыздар арасында спорт түрлері бойынша 21 жастан аспаған студенттер үшін өткізіледі:

 

Спорт түрі

Командалардың сандық құрамы

Өткізу күні

1

Қазақ күресі (ұлдар, қыздар)

4+3

1-02.02.2023

2

Үстел теннисі (ұлдар, қыздар)

2+1

6-7.02.2023

3

Шахмат (ұлдар, қыздар)

3+1

8-9.02.2023

4

Волейбол (ұлдар)

12

13-17.02.2023

5

Волейбол (қыздар)

12

13-17.02.2023

6

Тоғызқұмалақ

(ұлдар, қыздар)

2+2

15-16.02.2023

7

Баскетбол (ұлдар)

12

20-24.02.2023

8

Баскетбол (қыздар)

12

20-24.02.2023

9

Мини-футбол (ұлдар)

12

20-24.02.2023

10

Мини-футбол (қыздар)

12

20-24.02.2023

 

Жарысқа мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.

Жарыс Ережесі бойынша спорттың екі түріне бір білім алушының қатысуына жол беріледі. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің білім алушылары осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, спорттық лигасына өздері оқып жатқан колледж атынан қатысуға құқылы.

 

Спорттық лигаға балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мамандандырылған сыныптардың, спорт интернаттары мен академиялардың командалары қатыса алмайды.

Жарыс екі кезеңде өткізіледі:

1- ші кезең – колледжішілік іріктеу (қараша-қаңтар);

2- ші кезең – облыстық (1-24 ақпан, Өскемен қ.);

Әр кезеңге және спорт түріне өтінім жеке беріледі.

Облыстық кезеңге қатысуға өтінімнің сканерленген нұсқасы жарыс басталардан 5 күн бұрын дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жіберіледі.

Мандаттық комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:

- стандартты үлгідегі өтінім;

- қатысушының жеке куәлігі немесе көшірмесі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- спортшының жеке карточкасы;

- білім беру ұйымының оқушыларының өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы хаты (бұйрығы);

- сақтандыру полисі.