Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 31 қаңтарында оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, математика пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында 1-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Малахит» онлайн конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды Конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.
Конкурс бір уақытта онлайн режимде өткізіледі. Оn-lineтестілеу 2023 жылдың 31 қаңтары күні сағат 09:00-ден бастап 21:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады.
Конкурс математикадан 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Тапсырмаларды орындау – 60 минут.
Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады.Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» (ШҚ ӨҒПО «Дарын») қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.
Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден 28 ақпанға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады:
|
№ |
Қатысушының тегі, аты |
Сыныбы |
Мектебі |
Қала/аудан
|
Орын |