Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы ережеге сәйкес «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты 5 бағытта, 3 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – аудандық, қараша-желтоқсан айларында, 2 кезең – облыстық, 22-ақпанда, 3 кезең – республикалық деңгей, 2013 жылғы 4-6 сәуірде Астана қаласында өтеді.
Облыстық кезеңге (Өскемен ҚТЛ, Семей ҚТЛ) аудандық кезеңнен 1-орын алған жеңімпаздар қатысады.
Әр ауданнан облыстық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:
|
Конкурс атауы |
Тобы |
Оқушы саны |
Жиыны |
|
«Тілші-әдебиетшілер» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Сөз шеберлері» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Әнші-бұлбұлдар» |
қазақ және өзгеұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Жас ғалымдар» |
қазақ және өзге |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
|
«Жазушылар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы |
2 оқушы |
Қатысуға өтінімдерді төмендегі үлгі бойынша 8/7232/552112 факсіне 2013 жылдың 15 ақпанына дейін жіберу қажет.
|
Оқушының аты-жөні |
Аудан / қала мектеп |
Сынып |
Ұл - қыз |
Конкурс атауы |
Тақырыбы |
Дайындаған мұғалімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жарқын болашақ» олимпиадасының толық ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (http//www.shygysdaryny.kz) сайтында жарияланған.
Қатысушылардың іссапар шығындары (тұратын орны, тамақтануы, жол ақысы) іссапарға бағыттаушы білім мекемелерінің есебінен төленеді.
Қосымша ақпараттар алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/701344, қазақ-түрік лицейіне 252962 (Өскемен қ.) 8/7222/771110 (Семей қ.) телефондарына хабарласуға болады.
Қосымша ереже.