+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
3-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
14 Окт, 17:58

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында 3-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Аталған шара «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қатысушыларға жазғы демалыс күндері ҚР «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған авторлардың кітаптары ұсынылды.

Байқауға 40 – тан астам жас оқырман – облыстың аудандары мен қалаларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары белсене қатысты

 Байқау екі кезеңнен тұрды: тестілеу және шағын әңгіме (эссе).

 Байқау қорытындысы бойынша 21 жүлдегер анықталды (I орын-4 оқушы, II орын-9 оқушы, III орын-8 оқушы).

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сертификаттары табысталды.         

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдергерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!