+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерден Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі
15 Қыр, 16:41

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жаратылыстану - математика бағыты пәндерінен Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.

           Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған ағымдағы оқу жылының 11 (12) сынып түлектері ғана қатыса алады.

           Олимпиаданың мақсаты - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету.

           Әр қатысушы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші (өңірлік) кезең – 12 қазанда;

2) екінші (іріктеу) кезең – 2 турда өткізіледі:

1 тур (қашықтық) – 26 қазанда;

2 тур (шығармашылық) – қашықтық турды өткізу күні;

3) үшінші (республикалық) кезең – 22-25қараша аралығында.

Екінші (шығармашылық) турға қатысушылар 45 минут ішінде 1 беттен аспайтын көлемде эссені өзінің оқу тілінде жазады.

Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryn.kzсайтында орналасқан.