Туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру және өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімдерін дамыту мақсатында Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» конкурсы өткізіледі.
Конкурстың қатысушылары ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сыныптарының оқушылары.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші (аудандық) кезең – 19 қыркүйек;
2) екінші (облыстық) кезең – 14 қазан;
3) үшінші (республикалық) кезең 1-3 қараша .
Конкурс 2 турда өткізіледі:
І тур – Қазахстан тарихы пәнінен сұрақтар бойынша тестілеу;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
- «Менің кіші отанымның тарихы» бейнерепортаждау форматында өз елді мекенінің тарихын ашып береді.
- «Кіші отанымның символы» бейне презентациялау арқылы өз елді мекенінің таңдауын және кіші отанына деген сүйіспеншілік бейнесінің бірегейлігін дәлелдейді;
- «Менің кіші отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын (макеттер) қорғайды:
- «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елді мекені туралы эссе жазады.
Конкурстың ережесі https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында көрсетілген.