+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ
15 Июля, 14:36

І. Жалпы ереже

1. Осы ереже жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты облыстық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

2. Конкурстың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

3. Байқаудың негізгі мақсаты жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.

ІІ. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

-    Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

-    тікелей басшылықты жүзеге асырады;

-    Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

-    Байқаудың қазылар алқасының құрамын бекітеді;

-    Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

-    талдайды және қорытындылайды.

Қазылар алқасы байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалауды критерийлер негізінде жүзеге асырады.

ІІІ. Байқаудың қатысушылары

5. Байқау облыстық мамандандырылған мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сыныптары оқушыларының арасында өткізіледі.

Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен байқауға қатысу квоталарға сәйкес жүзеге асырылады.

ІV. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

6. Байқау ұлтымыздың көрнекті қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығын, тарихымызға сіңірген еңбегі жөніндегі материалдарды қамтиды.

7. Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

- Бірінші кезең – білім беру мекемелерінде мектепішілік іріктеу (сәуір).

- Екінші кезең – аудандық/қалалық (мамыр).

- Үшінші кезең – облыстық (тамыз).

Байқаудың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

8. Байқауға қатысу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2022 жылғы 1 тамызға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 75-26-91, е-mail: texno_otdel@mail.ru.

9. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 3 адам (8, 9, 10 сынып оқушылары) және 1 жетекші.

Команданың жеке құрамы бүкіл Байқау бойы өзгермейді.

V. Байқауды өткізу шарттары

10. Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

І. «Тарих тудырған талант» номинациясы - Қабдеш Жұмаділовтің, тарих, мәдениет, елінің азаттығына, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты арнаған шығармашылығы жайлы эссе жазу.

Эссені бағалау критериийлері:

  - Тақырыптың толық ашылуы – 10 ұпай;

  - Мағыналық тұтастығы, тіл шеберлігі – 10 ұпай;

  - Дәлелдерді сауатты тұжырымдай білуі, өзіндік көзқарасы нақты, қаралатын мәселеден ауытқымайды және өзі жеке баға бере алады – 10 ұпай;

  - Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай;

  - Грамматика, пунктуация  ерекшеліктеріне сәйкестігі – 10 ұпай;

Эсседен қатысушы 50 ұпайға дейін жинай алады.

2. «Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы»жазушының ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген шығармаларынан жатқа үзінді оқу номинациясы.

 Жазушы шығармаларынан жатқа үзінді оқуды қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, 50 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды:

  - Үзінді мазмұнының тақырыпқа сай толық ашылуы – 10 ұпай;

  - Бейнелілігі, әртістілілігі, актерлік шеберлігі, көрерменге эмоциялық және тәрбиелік әсер ету дәрежесі - 10 ұпай;

  - Сахналық костюмдердің, деректемелер мен декорациялардың шығарма үзіндісіне сай болуы – 10 ұпай;

  - Тіл сауаттылығы, тілдің нақтылығы және жеткізу стилі – 10 ұпай;

  - Орындаудың уақыт шеңберін сақтау (7 минуттан артық емес) – 10 ұпай.

VІ. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

11. Байқаудың жеңімпаздары екі номинацияның қорытындысы бойынша анықталып, дипломдармен марапатталады.

Байқаудың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына қоғам қайраткерлері, Шығыс Қазақстан облысыныдағы ЖОО-ның оқытушылары кіреді.

VІІ. Қаржыландыру

Байқауды қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары  (барып - келу жолы) жіберуші жақ есебінен төленеді.