Қазақстандағы балалар жылына арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2022 жылдың 27 мамырында «Білім жолы» интеллектуалдық марафоны өтеді.
Марафонның мақсаты – мектепалды даярлық сыныптарында балалардың танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.
Марафонға облыстың барлық аудан-қалаларынан 5-6 жас аралығындағы 150 бала қатысады. Командаға қатысушылар квест түрінде маршруттар тізімі бойынша кезеңдерден өтеді. Олар үшін математика, тіл, әдебиет, шығармашылық және спорт саласы бойынша стандартты емес тапсырмалар әзірленген.
Облыс әкімінің атынан зияткерлік марафонға қатысушылардың барлығына кеңсе тауарлары салынған рюкзактар, командаларға сертификаттар мен кубоктар, сондай-ақ тәттілер салынған себеттер табысталады.
Қазақстандағы балалар жылына арналған «Білім жолы» интеллектуалдық марафонының салтанатты марапаттау рәсіміне іс-шараны жариялауға қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін 2022 жылдың 27 мамырында сағат 12.00-де Өскемен қ., Көкжал Барақ көшесі, 8/2, №46 орта мектебіне шақырамыз.
Қосымша ақпаратты 8/7232/754212 телефоны арқылы білуге болады.