Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бірлесіп, 2022 жылғы 20 мамырда 12-15 жастағы (үлкен емес) қатысушылар, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары арасында Қазақстандағы Балалар жылына орай балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
Іс-шараның мақсаты - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру;
- оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білім сапасын арттыру;
- жолда балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттау бойынша ЖЖИ отрядтарының озық тәжірибесін жалпылау.
Жарыс кезеңдерін өткізу жоспары:
- Жол қозғалысы ережелерін білушілер;
- Жас реттеуші;
- Жас санитар;
- Командалардың визит карточкасы;
- «Қауіпсіз жаз» қабырға газеттерінің байқауы.
Жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
20 мамыр күні Өскемен қаласының Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы Сол жағалау кешеніне Балалар жылына арналған іс-шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін шақырамыз.
Қосымша ақпаратты 8(7232)70-15-16, 87774965935 телефон арқылы алуға болады.