Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бірлесіп 2022 жылғы 19 мамырда Өскемен қаласының Жас құтқарушылар мен өрт сөндіру мектептерінің командалары арасында Қазақстандағы Балалар жылына арналған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-16 жастағы қатысушылары арасында жарыстар өткізеді.
Іс-шараның мақсаты:
- өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа түрлері мен әдістерін енгізу, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде тіршілік қауіпсіздігі, дұрыс мінез-құлық дағдыларымен таныстыру және оқыту.
- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, педагогтардың назарын балалардың тентектігі, қысылтаяң жағдайларда әрекет ете алмау салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу проблемаларына назар аудару.
Жарыс кезеңдерін өткізу жоспары:
- « Визиттік карточка»;
- « Өрт эстафетасы»;
- « Бұйым»;
- « Алғашқы медициналық көмек көрсету».
Жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
19 мамыр күні «№7 өрт сөндіру бөлімі» ММ орналасқан базасында Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 73 мекен-жайы бойынша Балалар жылына арналған іс-шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін шақырамыз.