Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-21 мамырда Қазақстандағы балалар жылы аясында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған облыстың оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптары, әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, колледждердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан 1-2 курс студенттері арасында әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнир өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру;
- студент және оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтін беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау;
- әскери іс негіздері бойынша білімдер мен дағдыларды бекіту;
- жастарды физикалық дайындыққа тарту, мақсат – сол дайындықты әскери қызметті өтеу кезінде қолдану;
- моральдық-психологиялық қасиеттерді, тәртіптілікті, өзара көмек және жолдастық қолдау көрсету сезімдерін тәрбиелеу.
Турнир Өскемен қаласы, Абай даңғылы 95, 5518 әскери бөлімінің аумағында өтеді.
Облыстық турнирде бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:
- жүзу;
- саптық қарау;
- ММГ АК-74 шашу және жинау;
- противогазды кию бойынша нормативті орындау;
- ЖҚКкию бойынша нормативті орындау;
- турникте тартылу;
- орыннан ұзындыққа секіру;
- АК магазинін патрондармен оқтау.
Жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Облыстық ойынның қалған қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
20-21 мамыр аралығында 5518 әскери бөлімінде (Абай даңғылы 95) Балалар жылына арналған іс-шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін шақырамыз.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232)70-15-16, 87774965935.