Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №146 «Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданы жыл сайын өткізу туралы»бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары (әр сыныптан 1 оқушы) қатыса алады.
Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:
1. айналым – эссе;
2. айналым – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша тапсырма.
Олимпиаданың ережесі www.daryny.kz сайтында орналасқан.
Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
1-үлгі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (жеке құжат бойынша) |
Аудан/қала
|
Сыныбы |
Мектебі |
Әлеуметтік статусы |
Дайындаған мұғалімнің толық аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
Олимпиаданың облыстық кезеңі Өскемен қаласы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде өтеді (Қ. Бітібаева көшесі, 1).