Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылдың 28 ақпанында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 қазақ сынып оқушылары арасында республика көлемінде қашықтан ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты: кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Байқау екі бағыт бойынша өтті:
І бағыт - «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы;
ІІ бағыт - «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы.
Шығыс Қазақстан облысынан байқауға 10 оқушы қатысып, 3 жүлделі орындарды иеленді.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы бойынша II дәрежелі дипломдармен Жарма ауданы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Сүйгенбаева Наргиз және Абай ауданы Шәкәрім атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кәріпбай Аружан марапатталды.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы бойынша I дәрежелі дипломмен Жарма ауданы К. Шакенов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайрат Есентай және Абай ауданы Абай атындағы ММГИ 10 сынып оқушысы Тельманова Еркежан..
5 оқушы Алғыс хатпен марапатталды:
- Сержанова Айзада – Өскемен қаласы, Абай атындағы №33 орта мектебі;
- Нукарова Милана – Үржар ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектеп;
- Шалқарқызы Қарақат – Абай ауданы, Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы;
- Айдын Кәусар – Зайсан ауданы, Октябрь орта мектебі;
- Бахтияр Ақгүл – Абай ауданы, Абай атындағы ММГИ.
Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыстар тілейміз.