10-11 жастағы барлық ниет білдіруші балаларды тестілеуден өтіп, «Qabilet» қызметінде өз қабілеттерін анықтауға шақырамыз.
- «Qabilet» қызметі оқушылар мен олардың ата-аналарына баланың қабілеттерін дұрыс анықтауға және білім алып, таланттарын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар алуға тең мүмкіндіктер береді.
- «Qabilet» қызметі дарынды балалардың зияткерлік және жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыруда сүйемелдеу мен қолдау көрсетуді қарастырады.
Тестілеуді qabilet.elbasyacademy.kz онлайн-платформасында үйден, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығындағы «Qabilet» қызметінде өтуге болады.
Тестілеу нәтижесі бойынша психолог-мамандар балаларға, олардың ата-анасы мен ұстаздарға баланың мүмкіндіктерін дамыту бойынша кеңес береді.
Сұрақтарды 8 (800) 080 48 48 нөмірі бойынша call-орталыққа қоюға болады. Call-орталық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша (күн сайын) 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді, қоңырау шалу тегін.
Қызмет тегін және барлық оқушыға қолжетімді. Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz сайтына өту қажет.
Қосымша ақпарат бойынша 8/7232/700244 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.