+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы спорттық туризмнен облыстық жарысының қорытындысы
30 Жел, 16:58

2021 жылдың 20-24 желтоқсаны аралығында балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорттық туризмді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасындағы спорттық туризмнен облыстық жарысы өтті.

Жарысқа мектепішілік, аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары қатысты.

Жарысқа жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының 176 оқушысы қатысты.

Спорттық біліктілік және қатысушылардың жасы:

- Жасөспірімдер сыныбы – 12 – 13 жас;

- Жастар сыныбы  - 14 -15 жас;

- Юниорлар сыныбы – 16 – 18 жас.

Жарыс келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізілді:

- «Өмірлік стиль – спорттық туризм» қабырға газеті конкурсы;

- «Ел ырғағын сезін» туристтік би фестивалі номинациясы;

- «Шығыс Қазақстанда  жақын маңдағы ең жақсы белсенді (спорттық) демалыс орыны» жарнамалық видеороликтер конкурсы;

-   «Кедергі жолағы» спорттық туризм техникасы жарысы;

- «Спорттық туризм әлемі» спорттық туризмнен жарысты ұйымдастыру және өткізу конкурсы.

Жарыстың қорытындысы бойынша  55 оқушы І дәрежелі дипломмен, 47 оқушы ІІ дәржелі дипломмен, 59 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (Қосымша 1).

Жарма ауданының Крупская атындағы орта мектебі «Белсенді қатысқаны үшін» номинациясына ие болды.

Жалпыкомандалық есепте келесі командалар орындарға ие болды:

Жастар сыныбы  - 14 -15 жас:

1 орын – «Болашақ» командасы, Жаст турист станциясы, Катонқарағай ауданы;

2 орын– «Оңтүстік қалашық» командасы, № 4 жалпы білім беретін аралас мектебі, Аягөз ауданы;

2 орын – «Жас саяхатшылар» командасы, № 3 Күршім гимназиясы, Күршім ауданы.

Юниорлар сыныбы – 16 – 18 жас:

1 орын – «Спарта» командасы, Аула клубтарының қауымдастығы, Семей қаласы;

 

1 орын – «Орион» командасы, "Орион" атты скауттық жастар қозғалысы және экстремалдық спорт түрлерінің даму орталығы, Семей қаласы;

2 орын – «Таганай» командасы, Бизнес және сервис колледжі, Семей қаласы;

2 орын – «Дельта» командасы,  Жезкент кентінің мектеп-лицейі, Бородулиха ауданы,

3 орын – «Аргут» командасы, №3 орта мектебі, Курчатов қаласы.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, келесі жарыстарда сәттілік тілейміз!