2021 жылғы 29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы өткізген «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты онлайн облыстық маскарадтық киім байқауының қорытындысы шықты.
Сайыстың мақсаты:
- қиялын, көркемдік талғамын дамыту, жаңа жылдық мерекелер кезінде мерекелік атмосфераны құру;
- балаларға арналған жаңа жылдық костюмдерді жасауда ата-ана мен бала арасындағы шешімдерді анықтау және қолдау.
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты онлайн облыстық маскарадтық киім байқауына Қазақстан Республикасының Президентінің және Шығыс Қазақстан облысының әкімінің атынан өткізілген Жаңа жылдық шыршаларға қатысушылар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша I орынмен 5 оқушы, II орынмен 7 оқушы, III орынмен 12 оқушы марапатталды (Тізім қосымшада).
Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, грамоталармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!





