+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
2-7-сынып оқушыларының облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының Ережесі
18 Қаз, 16:16

І. Жалпы ережелері

 

1..Осы Ереже оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары облыстық «Зерде» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін,  өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  анықтайды.

2..Конкурсты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы   (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) ұйымдастырады.

3..Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтарын және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

4.Конкурстың басты міндеттері:

- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;

-ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

 

 

2. Конкурстың қатысушылары

 

 

5. Конкурсқа жас зерттеушілер – 2-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).

 

 

3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

 

 

6. Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең – аудандық/қалалық (қазанда);

2) екінші кезең – облыстық (қараша айының бірінші он күндігінде);

3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (қаңтардың екінші он күндігінде).

8. Оқушылардың зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:

 - қазақ тілі мен әдебиеті;

 - орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

 - математика, информатика;

 - физика, техника;

 - медицина, психология;

 -тарих, өлкетану, этномәдениеттану; 

 - химия, биология;

 - экология, валеология;

 - робототехника.

9. Жұмысты қорғауға 7 минут уақыт (5 мин. баяндамаға, 2 мин. сұраққа).

10. Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген өтінім қажет.

11. Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір ауданнан/қаладан  2 үздік жұмыс ұсынылады:

1 жұмыс  -  2-4  - сыныптардан;

1 жұмыс -  5-7  - сыныптардан.

12. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.

13. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

14. Конкурстың қорытындысы «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сайтына орналастырылады: www.shygysdaryn.kz.

15. Ұйымдастыру комитетінің адресі: «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, Абай даңғ., 21, тел. 55-20-12, 70-02-44 e-mail: vk_daryn@mail.ru.

 

 

4. Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

 

16..Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, көркем түрлерінде жоспарлануы мүмкін. Зерттеу жұмыстары қазақ немесе орыс тілдерінде таныстырылады. Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің жиектері мен нөмірлері болуы қажет.

17..Әрбір зерттеу жұмысында зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіліп, жетекшінің пікірі, маманның рецензиясы болу керек.

18. Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні толық компьютерде басылып шығуы (WORD; 14 шрифт; ара қашықтығы 1,5; сол жақтан - 2 см шегініс) және келесілерден тұруы қажет:

- басқы бет;

- мазмұны;

- резюме (аннотация) – қазақ және орыс тілдерінде жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты);

- кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыптың таңдалуы, мақсаты мен міндеттері, жұмыстың орындалған жерін көрсетеді;

- негізгі бөлім: зерттеу материалы мен әдістері, эксперименттік бөлімі, жұмыс нәтижелері және оларды талқылау;

- әдебиеттерге (отандық және шетелдік) шолу, зерттеу проблемасына әсері;

- қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2) бастапқы бетте қөрсетіледі:

- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы;

- жұмыстың тақырыбы;

- бағыты;

- орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);

- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

- жұмыстың орындалған уақыты.

19. Конкурстың қорытынды кезеңінде қатысушылардың өз зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларын қорғау үшін көрнекі құралдары, сызбалары, суреттері не макеттері болу керек.

20. Конкурс  жұмыстары келесі критерийлермен бағаланады:

- жұмысты орындаудағы дербестік деңгейі;

- шығармашылық ізденіс;

- ғылыми ойлауы;

- мәселелердің терең талқылануы;

- жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі;

- шешендік шеберлігі, тақырыпты көрсеті әдісі.

 

 

5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

 

 

21. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың саны қатысушылардың жалпы санының секция және жас санаты бойынша 45 пайызын құрайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.

22..Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар 2-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық кезеңіне жіберіледі.

 

 

6. Қаржыандыру

 

 

23. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.