+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
«Шығыс шамшырақтары» XVI облыстық ақындар айтысының қорытындысы
22 Мая, 03:45

2012 жылдың 13 мамыры күні Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚӨҒП «Дарын» орталығы мен Семей қалалық мәдениет сарайының «Халықтық» ақындар орталығының ұйымдастыруымен ақындар айтысы өткізілді.cut

Айтыс дарынды оқушыларды қолдау, шығармашылығын дамыту, ауыз әдебиетінің ролін, өлең сөзінің құдіретін жүрегімен түсіне білуге үйрету,  М.Әуезовтің туғанына 115 жыл толуы аясында, өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды.

Айтысқа Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Ұлан, Аягөз, Үржар, Жарма, Зайсан, Бесқарағай аудандарынан және ДБА облыстық білім мекемелерінен 16 дарынды жас ақындар қатысты.

«Шығыс шамшырақтары» атты дәстүрлі XVI облыстық ақындар айтысының қорытындысы бойынша.

 

Аты/жөні

Қала/аудан

Мектеп

Орны

1

Еркін Қуаныш

Өскемен

ДБА Жамбыл ат. ОММГИ

Бас жүлде

2

Кенжебекұлы Қуандық

Семей

№47 ОМ

1

3

Қабаева Назерке

Үржар

Абай ат. ОМ

2

4

Ақбаба Нәрия

Зайсан

Мүкарам ат. ОМ

2

5

Қалиев Ақсұлтан

Семей

№37 МГ

3

6

Қымбатов Әлібек

Семей

Ш. Уәлиханов ат. «Жас Ұлан» АЕМЛИ

3

7

Жәлелов Дәулет

Тарбағатай

Қ. Аханов ат. ОМ

3

8

Жұмашева Еркежан

Семей

Шәкәрім ат. ОДБАҮТОМ

ынталандыру

9

Ақын Нұрдәулет

Жарма

Бақыршық ОМ

ынталандыру

Жүлдегерлер ШҚО білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.