1. Жалпы ережелер
1.1.Осы Ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-жаттығу жиындарының (бұдан әрі – ОЖЖ) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.2 ОЖЖ ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың» және Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО) болып табылады.
1.3 ОЖЖ – бұл оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарына бағытталған қосымша білім беру мектебі, алдағы республикалық олимпиадаға қарқынды дайындық.
1.4 ОЖЖ негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық циклі (бұдан әрі - ЖМЦ) және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы (бұдан әрі - ӘГБ) пәндер бойынша оқушылардың Республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадаға Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарына қолдау көрсету және сапалы дайындықты қамтамасыз ету.
ОЖЖ негізгі міндеттері:
- оқушыларды өзіндік жұмыс әдістеріне, тәуелсіз ойлауды дамытуға қажетті интеллектуалдық пәнге, дербес және шығармашылық ойлау қабілетіне үйрету;
- оқушыларға республикалық олимпиадаға дайындық сұрақтары бойынша ғылыми кеңес;
- олимпиаданың тапсырмаларын талдау және республикалық деңгейдегі зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау;
ОЖЖ өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. ОЖЖ ұйымдастыру комитеті
2.1. ОЖЖ дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- ОЖЖ дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- ОЖЖ өткізілуін қатысушыларға хабарлайды;
- ОЖЖ қатысушыларына қатысу шарттарын түсіндіреді;
- ОЖЖ сабақтарын, мастер-класстарын оқытатын педагогтар құрамын қалыптастырып бекітеді;
- іс-шаралардың түрлерін, олардың өткізу формаларын анықтайды;
- ОЖЖ қорытындысын талдайды және жалпылайды.
3. ОЖЖ қатысушылары
3.1 ОЖЖ қатысушылары Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары ЖМЦ бойынша 9-11 сынып оқушылары және ӘГБ жалпы мамандандырылған мектептің 10-11 сынып оқушылары қатысады.
4. ОЖЖ ұйымдастыру және маңыздылығының мазмұны
4.1 ОЖЖ ЖМЦ бойынша 2020 жылдың 5-9 ақпан аралығында және ӘГБ бойынша 2020 жылдың 10-15 наурыз аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында және №12 орта мектебінде өткізіледі. ЖМЦ командаларының келуі – 5 ақпан, кетуі – 9 ақпан. ӘГБ командаларының келуі – 10наурыз, кетуі – 15 наурыз.
4.2 Ұйымдастырылған Бейіндік ауысым ерекшеліктері туралы ақпарат, қатысуға шақыру, аудандық / қалалық білім беру бөлімшелері арқылы Бейіндік ауысым басталғанға дейін бір ай бұрын жіберіледі.
4.3 ОЖЖ сабақтары білім беру салалары бойынша жүргізіледі:
- жаратылыстану-математикалық циклі (математика, физика, химия, биология, информатика, география);
- әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы (орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі қазақ сыныптарында, қазақ тілі орыс сыныптарында, неміс тілі, ағылшын тілі, тарих, адам және қоғам, өзін-өзі тану).
4.4 Бейіндік ауысым қызметінің бағдарламасы зияткерлік қабілеттер мен мүдделерді дамытуға, оқушылардың әртүрлі қызмет түрлері арқылы, оқушыларды олимпиадаларға дайындық мәселелері бойынша ғылыми кеңес беру; әртүрлі жалпы білім беру пәндері бойынша аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиада тапсырмаларын талдау.
4.5 Облыстың жоғары оқу орындарының оқытушылары, оқу орындарының жетекші оқытушылары ОЖЖ бағдарлама шеңберінде сабақтар өткізуге шақырылады.
5. Қаржыландыру
5.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО жүзеге асырады.
Бейіндік ауысымға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру) жіберуші жақ есебінен төленеді.