+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың 53-ші республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу ережелері
21 Қаң, 17:51

1. Жалпы ережелер

1. Балалар музыка және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық байқауын облыстық кезеңін (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережелері Фестиваль-байқаудың мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2. Мақсаты: оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, қазіргі қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту, олардың білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы рөлін арттыру.

3. Міндеттері:

1) музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілері негізінде жас музыканттарды тәрбиелеу және рухани-адамгершілік дамыту, білім алушыларда танымдық қызығушылықты және эмоциялық қабылдауды қалыптастыру;

2) жас музыкант-орындаушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың мәдениет саласындағы әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасау;

3) республиканың білім беру ұйымдары арасында тығыз шығармашылық байланыстар орнату, орындаушылық және педагогикалық тәжірибе алмасу;

4) жас музыканттардың орындаушылық шығармашылыққа қызығушылығын жандандыру, әрі қарай қолдау және олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағдарын ынталандыру мақсатында талантты балалардың жаңа есімдерін анықтау;

5) балаларды іс-шараларға тарту арқылы қосымша білім берумен қамтуды арттыруға ықпал ету.

4. Фестиваль-байқаудың әділ қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің құрамдарын ұйымдастырушылар қалыптастырады.

2. Фестиваль-байқауды өткізу уақыты және орны

5. Фестиваль-байқау 2020 жылғы 27-28 ақпанда Өскемен қаласында өткізіледі.

6. Фестиваль-байқауғақатысушылар туралы мәлімет (ТАЖ, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білімберу ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары) көрсетілген аудандардың/қалалардыңбілім бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінім(1-қосымша) 2020 жылғы 14 ақпанға дейін келесі мекенжай бойынша: 070019, ШҚО, Өскемен қ., Қабанбай батыр к., 111, «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК, myzschool@inbox.ru электронды поштасына қабылданады. Байқау модераторы: ТЖ бойынша директордың орынбасары Дубейко Елена Анатольевна (ж.т. 26 90 85, ұ.т. 87055306735).

7. Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Фестиваль-байқаудың аудандық/қалалық кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне қатысуы үшін жолдау туралы білім бөлімі басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

3. Фестиваль-байқауға қатысушылар

8. Фестиваль-байқауға республиканың музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдары мен фортепиано бөлімдерінде оқитын пианисттер қатысады.

9. Қатысушылардың жалпы саны – 230 адам (хор: 150, пианистер: 80).

10. Фестиваль-байқауды өткізу орнына дейін жету жолындағы, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолындағы қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аудандардың/қалалардың білім бөлімдері анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.

11.Топ жетекшісінде келесі құжаттар болуы тиіс:

1) байқаудың аудандық/қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша білім алушылар мен топ жетекшісін Фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне қатысу үшін жолдау туралы білім бөлімі басшысы бұйрығының көшірмесі; 

2) қатысушылар туралы мәліметтер (ТАЖ, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, топ жетекшісінің аты-жөні, қызметтік лауазымы, ұялы телефоны);

3) барлық қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат), туу туралы куәліктердің көшірмелері;

4) қатысушының денсаулығы туралы дәрігердің қолы және мөрі қойылған анықтама;

5) топ жетекшілерінің іссапар куәліктері;

6) ата-аналардың нотариалданған сенімхаттары.

12. Әр делегацияның киімдерінде ерекше элементтері: галстуктар, кепкалар, бейсболкалар, эмблема, сондай-ақ қатысушылардың жеке гигиеналық заттары болуы керек.

4. Фестиваль-байкаудың шарттары мен тәртібі

13. Пианисттер фестиваль-байқауының облыстық кезеңі келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:

1) кіші жастағылар тобы – 7-9 жас;

2) орта жастағылар тобы – 10-12 жас;

3) ересек жастағылар тобы – 13-17 жас.

Қатысушының жасы 2020 жылдың 15 наурызына анықталады.

14. Кіші жастағылар тобының қатысушыларына қойылатын бағдарламалық талаптар музыка мектебінің V сынып білім алушыларына арналған бағдарламалық талаптардан төмен болмауы керек, орта жастағы топтар үшін VI сыныптың, ересек жастағы топтар үшін VII сыныптың бағдарламалық талаптарынан төмен болмауы керек.

Кіші және орта жастағылар тобында байқау І кезеңде, ересек жастағылар тобында ІІ кезеңде өткізіледі. ІІ кезеңге жартысынан аспайтын қатысушы өтеді.

15. Хор ұжымдарының байқауына жоғары сынып оқушылары қатысады. Республикалық Фестиваль-байқау хорына қатысушылардың саны 25 адамнан кем болмауы тиіс. Хор ұжымының құрамына дирижер және концертмейстер ретінде педагог қатыса алады.

16. Қатысушылардың орындау реті балалардың келген күні жеребе тастау жолымен анықталады.

5. Фестиваль-байқау қатысушыларын марапаттау

17. Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары Гран-При, 1, 2, 3 дәрежелі лауреаттардың дипломдарымен марапатталады. Жүлделі орын алмаған Байқау қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

6. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

18. Байқаудың облыстық кезеңіне қатысушылардың және жетекші педагогтердің іс-шара өткізілетін жерге келетін жол ақысы, тұру және тамақтану жіберуші тарапынан төленеді.

19. Педагогтердің іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен төленеді.

20. Фестиваль-Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.

1-Қосымша

1-форма

 

«Фортепиано» бөлімінің және балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің хор ұжымдарының республикалық байқауына қатысу туралы өтінім

СОЛИСТТЕР-ПИАНИСТТЕР

 

Білім алушының тегі, аты (толық)

 

Туған жылы (санмен)

 

Жас санаты

 

Номинациясы

 

Облысы

 

Аудан/қала

 

Білім беру ұйымының аталуы (толық), сыныбы

 

Қатысушының мекен жайы, телефоны және ана-анасының телефоны

 

Жетешінің ТАЖ

 

Қызмет орны, лауазымы

 

Ұялы телефоны

 

 

 

 

 

 

ПИАНИСТТЕРДІҢ ОРЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

І КЕЗЕҢ

 

Авторы

Шығарманың аталуы

1

 

 

2

 

 

3

 

 

Орындау уақытының ұзақтығы ___________(минутта)

 

ІІ КЕЗЕҢ

Авторы

Шығарманың аталуы

1

 

 

2

 

 

 Орындау уақытының ұзақтығы ___________(минутта)

 

ХОР ҰЖЫМДАРЫ

 

Ұжым

 

Қатысушылардың саны

 

Облысы

 

Ауданы/қала

 

Білім беру ұйымының аталуы

(толық)

 

 

ХОР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ОРЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Авторы

Шығарманың аталуы

1

 

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

 

         Орындау уақытының ұзақтығы ___________(минутта)

 

Педагог (ТАЖ толық)

 

Концертмейстер  (ТАЖ толық)

 

Дирежер (ТАЖ толық)

 

 

 

 

Қатысушылардың саны

 

Қатысушының аты-жөні

Туған жылы (санмен)

1

 

 

2

 

 

3

 

 

 

Ескерту:

1. Өтінімде көрсетілген орындау бағдарламасына және бағдарламалық тәртібіне өзгерту енгізуге болмайды.

2. Концертмейстер болмаған жағдайда өтінімдегі кесте ұяшығы толтырылмайды.

3. Байқауға қатысушы ұжымдар өтінімдерге қоса туу туралы куәлігінің көшірмесін ұйымдастыру комитетіне тапсырады.

 

 

 

 

 

2-форма

 

Қатысушылардың Фестиваль-байқауға келу және қайту мерзімі

 

р/с

Облысы

Балалардың жалпы саны

Оның ішінді қыздардың саны

Оның ішінде ұлдардың саны

Ересектердің жалпы саны

Оның ішінде әйелдердің саны

Оның ішінде еркектердің саны

Қарағанды қаласына келетін күні (поезд, вагон нөмірі)

Қарағанды қаласынан қайтатын күні, поезд, вагон нөмірі

 

Делегация жетекшісінің аты-жөні, ұялы телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЙҚАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

 

Кіші жастағылар тобы(фортепианосыныбы)

 

1. И.С. Бах – Екідауыстыинвенциялар.

2. Сонатин немесевариация– Клементи, Кулау, Гайдн, Моцарт, I бөлім, II жәнеIII бөлім.

3. Этюд К. Черни (Гермердіңред.) II бөлім.

4. Қазақстандық композиторлардың пьесасы.

 

Ортаңғы жастағылар тобы (фортепиано сыныбы)

 

1. И.С. Бах үшдауысты инвенция немесе «Жақсы темперирленген клавирден» кіріспе және фуга (таңдау бойынша).

2. Этюд Черни, шығарма 299 немесе 740 (таңдау бойынша), М.Мошковский этюді немесе виртуозды пьеса.

3. Көлемді форма: Й. Гайдн, В. Моцарт, Л Бетховен I бөлім немесе II және III бөлім.

4. Қазақстандық композиторлардың пьесасы.

 

Ересек жастағылар тобы (фортепиано сыныбы)

1 кезең

 

1. И.С. Бах. Кіріспе және фуга (таңдау бойынша). Үшдауысты инвенция (таңдау бойынша).

2. Көлемді форма: Й. Гайдн, В. Моцарт, Л. Бетховен, I бөлім немесе II және III бөлім.

3. Этюд:

а) Черни, ор. 299 т. 4, 5, 6, ор. 740 (таңдау бойынша).

б) М. Мошковский (таңдау бойынша).

в) Ф. Лист. Ф. Шопен.

2кезең

 

1. Виртуоздыпьеса.

2. Қазақстандық композиторлардың пьесасы.

 

Хор ұжымдары(хорсыныбы)

 

1. Хор ұжымдары туындылардың бірі халықтық ұлттық музыка негізіндегі3 немесе 4 дауыспен орындалатын кемінде 4 туынды дайындайды.

2. Хор ұжымдарының Байқау бағдарламасында  мыналар болуы керек: классикалық шығарма, халық әні, қазақстандық автордың туындысы, еркін жұмыс. Бір шығарма «а капелла» орындалады.

3. Байқауға хор ұжымдарының жоғары сыныптары қатысады. Орындалу уақыты – 15-20 минут.