- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңінің (ары қарай – Конкурс) өткізу ережелеріноныңмақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.3. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру;
- балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;
- өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;
- кино және телевидение салаларында шығармашылық дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау;
- шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде авторлық фильмдер, жарнамалық роликтер, сюжеттік репортаждар жасау процесін ынталандыру;
- өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;
- балалар мен жасөспірімдер жұмыстарының мәліметтер банкін құру;
- балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету;
- іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыру.
2. Байқауды өткізу мерзімі және орны
2.1. Қатысуға өтінімдер электронды форматта жіберіліп, оған аудан, қалалардың білім бөлімдерінің басшылары қол қояды: vk_daryn@mail.ru электронды поштамен 2020 жылдың 13 ақпанына дейін rhet-2018@mail.ru көшірмесімен (№1, №2 қосымша).
Анықтама телефондары: 8 (72732) 75-26-91, 8 708 177 42 92.
2.2. Шығармашылық жұмыстар 2020 жылдың 13 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша жіберіледі:Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1 қабат, №1 кабинет, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы.
2.3. Байқаудың қорытындылары - 21 ақпан 2020 жыл.
3. Сайыс қатысушылары
3.1. Конкурсқа жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 2020 жылдың 1 наурызына дейін туған 13-17 жас аралығындағы оқушыларға қатысуға болады.
4. Байқау жұмыстарының талаптары
4.1. Байқау 3 кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең - аудан (қала)
екінші кезең - облыстық
үшінші кезең - республикалық
4.2. Фестивальға кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қабылданады.
4.3. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1)деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма (қатысушылардың жасы 15 жас);
2) ойынды кино– операторлық және режисерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма (қатысушылардың жасы 16 жас);
3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео,сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик (қатысушылардың жасы 13 жас);
4) әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама (қатысушылардың жасы 13 жас);
5) анимация– компьютерлік немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-келген мультипликациялық шығарма (қатысушылардың жасы 13 жас);
6) видео-арт – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеоролигі (қатысушылардың жасы 14 жас);
7) киножурнал – елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқа ақпараты бар кинохроника түрі (қатысушылардың жасы 17 жас);
8) музыкалық фильм (қатысушылардың жасы 16 жас);
9) ең үздік операторлық жұмыс (қатысушылардың жасы 17 жас).
4.4. Жазбалар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- идеяны, сюжетті нақты көрсетудің стандартты емес тәсілі;
- ұсынылған номинацияға сәйкестігі;
- идеяның құндылығы мен орындалу сапасы;
- сюжеттік линияны сақтау;
- фильмнің дыбыстық ресімделуі;
- шығармашылық тәсілі;
- баяндау сауаттылығы (титрлары, дыбысталуы, қорғау кезіндегі сөйлеу);
- бейнелеу сапасы;
- сюжеттік тақырыптың өзектілігі;
- креативтілік, идеяны іске асыру;
- түсіру және монтаждау сапасы;
- көру жайлылығы және қабылдау жеңілдігі;
- орындаушылардың актерлік шеберлігі.
4.5. Жазбалардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;
- өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- мейірімділік және қайырымдылық таныту;
- ұрпақтар диалогы;
- қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;
- отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;
- әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.
4.6. Конкурстық жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар.
Фильм DVD (CD)-тасымалдаушы дискіге, USB-жинақтау флешкасына жазылады. Видеоның форматы: avi, mpеg, mp4, wmv. Кассеталар мен дискілер қатты қаптамаларға оралуы тиіс.
Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолдануға болады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.
4.7. Байқау жұмысына word форматында қоса тіркелген үлгіге сәйкес фильмнің аталуы, автордың ТАЖ, білім беру ұйымы, сыныбы және байланыс мәліметтері, түсірім күні, хронометраж, жұмыстың қысқаша сипаттамасы (қосымша) көрсетілген өтінім қоса беріледі.
4.8. Фестивальға бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Фестивальға ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальға ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
4.9. Фильм бөтен авторлық құқықты бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлттық, діни ымырасыздық элементтері, зорлық-зомбылыққа итермелеу және азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін бұзуға шақыру материалдары болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
4.10. Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.
5. Фестивальға қатысушыларды марапаттау
5.1. Конкурстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
6. Фестивальді қаржыландыру
6.1. Байқауды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығыбекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.
1-қосымша
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»
Балалар киносының облыстық фестиваліне қатысуға өтінім
|
Фильмнің атауы |
|
|
Номинация |
|
|
Ұзақтығы |
|
|
Қысқа фильм сипаттамасы |
|
|
Формат |
|
|
Жасалған жылы |
|
|
Авторы (А.Ж. толығымен) |
|
|
Толық жасы (жұмыс авторының) |
|
|
Сынып |
|
|
Білім беру ұйымының толық атауы (қысқартусыз) |
|
|
Студия, білім беру бірлестігі атауы |
|
|
Аты-жөні тәрбиеші |
|
|
Ұйымның телефон, факс, E-mail |
|
|
Мүше телефоны |
|
|
Мұғалімнің телефоны, E-mail |
|
2-қосымша
Жұмысқа түсініктеме
Ұйымдастыру____________________________________________________
Номинацияның аты______________________________________________
Ұсынылған жұмыстың атауы______________________________
Қатысушының тегі және аты________________________________________
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты_______________________________
Қысқаша сипаттамасы________________________________________________
Негізгі сипаттамалары________________________________________
Жаңалығы____________________________________