1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысының (ары қарай – Айтыс) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.2. Айтыстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (ары қарай - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.3. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:
- мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
- олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
- айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру, осы байқауға сәйкес жыр-терме үрдісін жаңғырту.
2. Айтыстың ұйымдастыру комитеті
2.1. Айтыстыұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті).
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Айтыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Айтысқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдайды;
- Айтыстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;
- Айтыстың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;
- талдайды және қорытындылайды.
2.3. Айтысты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер мүмкін әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.
2.5. Үйлестірушінің міндеті:
- Айтысқа қатысу үшін өтінімді уақытымен беру;
- Айтыстың өткізу Ережесіне сәйкес Айтыс ұйымдастыру.
3. Айтыстың қатысушылары
3.1. Айтысқа аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары болған жалпы білім беретін мектертердің 8 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр аудан, қала және дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелері облыстық кезеңге 3 оқушыдан ұсынады.
3.2. Айтысқа қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, өз ойын жан-жақты жеткізе алатын суырып салмалық қабілеті бар болуы шарт.
4. Айтысты өткізу және бағалау критериийлері
4.2. Айтысқа қатысушы үміткер ел-жер тарихы, қоғам қайраткерлері, тіл мәселесі, ауыл проблемасы, оқу мен тәрбие жайы, жастар болашағы, қоғамдағы өткен және қазіргі жағдайлар туралы, Жамбыл Жабаевтың шығармашылығынан және оның айналасындағы ақын-жыраулар поэзиясынан хабардар болып, қарсыласына қолма-қол жауап бере алатындай болуы шарт. Әр жұптың айтысы 20 минуттан аспауы керек.
4.3. Қазылар алқасы бағалауды келесі критерийлер негізінде жүзеге асырады:
- айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне;
- суырып салмалық қасиетіне;
- тақырыптан ауытқымай айтысуына;
- сахнада өзін- өзі ұстау шеберлігіне.
5. Жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Жеңімпаздар 1, 2 немесе 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
5.2. Жеңімпаз дипломында оқушыны конкурсқа дайындаған жетекшінің немесе мұғалімнің аты, тегі көрсетіледі.
6. Конкурсты өткізу мерзімі
6.1. Айтыс 2020 жылдың 30 қаңтарында Өскемен қаласында өткізіледі. Айтысқа қатысу үшін өтінімді (қосымша) Ереже талаптарына сәйкес 2020 жылғы 24 қаңтарға дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының Vk_daryn@mail.ruэлектронды мекенжайына жіберу қажет.
7. Айтысты қаржыландыру
7.1. Айтысты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығыбекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.
Қосымша
«Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысына қатысуға
_________________________ ауданынан
тапсырыс
|
№ |
Қатысушының аты, тегі |
Сыныбы |
Дайындаған мұғалімнің/жетекшінің аты, тегі (толығымен) |
Дайындаған мұғалімнің/жетекшінің байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|