Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 23 қарашасында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) жыл сайынғы8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
Шараның өткізілу мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру; ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету; облысымыздың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Бұл конкурс өзекті және перспективалы ғылыми жобаларды ашуға қабілетті жас ғалымдарды, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын қатысушыларды біріктіреді.
Конкурс 16 бағыт: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдинеттану және тіл білімі бойынша өткізіледі.
Республикалық конкурстың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары, профессорлары және оқытушылары енді.
Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жариялауға қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты алу үшін Өскемен қаласы, Абай даң., 21 «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО мекенжайы бойынша және 8 (7232) 700-244, 754-212 телефондарына хабарласуға болады.