2019 жылдың 29-31 қазан аралығында Cемей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында» «Жас Сарбаз» 5-7 сыныптар арасында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізіледі.
Ойынның мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру.
Жарыс жеті айналымда өтеді:
1 айналым – оқу гранатасын лақтыру РГН;
2 айналым – пневматикалық винтовкадан ату;
3 айналым – орында тұрып ұзаққа секіру;
4 айналым – медициналық дайындық;
5 айналым – кермеде тартылу;
6 айналым – әскери эстафета;
7 айналым – арқан тарту.
Ойын қатысушылары Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының 126 үздік арнайы мамандандырылған «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары.
Іс-шара аясында 2019 жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім бөлімдерінің басшылары және методистері, мектеп директорлары мен «Жас Сарбаз» сыныптарының офицер-тәрбиешілері үшін «Жас Сарбаз» мамандандырылған сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыру» атты облыстық әдістемелік-семинар өткізіледі. Семинар мақсаты: «Жас Сарбаз» арнайы мамандандырылған сыныптарының жұмыс тәжірибесін жинақтау.Семинар барысында жалпы білім беретін мектептердегі әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы өзара ынтымақтастық пен әрекеттесу туралы ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, ҚР ҚМ «Восток» өңірлік қолбасшылығы, Шығыс Қазақстан облысыныңқорғаныс істері жөніндегі Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының полиция Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, «Шығыс Қазақстан облысының Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Шығыс Қазақстан облысының «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасыарасында Меморандумға қол қою жоспарлануда.
Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Өскемен қаласы,
Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы,
e-mail: vk_daryn@mail.ru, 8/7232/754212.
Калиахметова Инкар Ергазықызы