Жаратылыстану-математика бағыты пәндерінен
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Өту уақыты: 2019 жылғы 25 қыркүйек.
Өтетін орыны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универтитеті (бас ғимарат).
Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2019 жылдың 25 қыркүйегінде 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыты пәндерінен Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.
Шара өткізудің басты мақсаты – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша дарынды оқушыларды анықтау, кәсіптік бағдар мен болашақтағы зияткерлік дамуына қолайлы жадай жасау, оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімі мен дағдыларын тереңдету.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жүлделі орын алған қатысушылар Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысады.
Олимпиаданың басталуы: 2019 жылғы 25 қыркүйек сағат 10.00-де.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жариялауға қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін 8 (7232) 700-244, 754-212 телефондарына хабарласуға болады.