+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Қазақстан оқушысы - 2019» 50-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысының қорытындысы
16 Там, 17:24

2019 жылдың  8 -16 тамыз аралығында  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Қазақстан велосипед федерациясымен» бірлесіп  «Қазақстан оқушысы - 2019» 50-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысын Шығыс Қазақстан облысының жолдарында өткізді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.«Белсенді шабандоз» номинациясы бойынша   Бурнашов Денис (Қостанай облысы) - және «Тау шабандозы» болып - Хатпин Нуржан (Нұр-Сұлтан қ.)атанды.

Жекелей сында:

І орын- Брудер Гийом (Монако)

ІІ орын - Хатпин Нуржан (Нұр-Сұлтан қ.)

ІІІ орын- Ремхе Андрей (Алматы облысы, Талғар қ.)

Командалық есепте:

І орын– Монако командасы

ІІ орын - Алматы облысы, Талғар қ.

ІІІ орын - Шымкент қ.

Велосипед жарысының кезеңдерінің қорытындысы бойынша:

І кезең:

І орын - Вагнер Кирилл (Солтүстік Қазақстан облысы)

ІІ орын - Кокус Реми (Монако)

ІІІ орын - Ремхе Андрей (Алматы облысы, Талғар қ.)

ІІ кезең:

І орын - Сламжанов Оркен (Алматы облысы, Талдықорған қ.)

ІІ орын - Елюбаев Руслан (Батыс Қазақстан облысы)

ІІІ орын - Мулагалеев Владимир (Солтүстік Қазақстан облысы)

 

ІІІ кезең:

І орын - Ремхе Андрей (Алматы облысы, Талғар қ.)

ІІ орын - Брудер Гийом (Монако)

ІІІ орын - Винокуров Николай (Монако)

IV кезең:

І орын - Санчес Пабло (Монако)

ІІ орын - Хатпин Нуржан (Нұр-Сұлтан қ.)

ІІІ орын  - Брудер Гийом (Монако)

V кезең:

І орын -Брудер Гийом (Монако)

ІІ орын  - Хатпин Нуржан (Нұр-Сұлтан қ.)

ІІІ орын  - Достиев Илхан (Шымкент қ.)

 

VI кезең

І орын - Хатпин Нуржан (Нұр-Сұлтан қ.)

ІІ орын  -Брудер Гийом (Монако)

ІІІ орын  - Винокуров Николай (Монако)

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдарімен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.