Информатикадан 31-Халықаралық олимпиада 2019 жылдың 5-11 тамызы аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан) өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты.
ҚР ұлттық құрамасының құрамында алғаш рет республикалық олимпиадалардың, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы – Байболов Темірлан қатысты.
Олимпиада екі айналым бойынша өткізілді. Айналымдар барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алты алгоритмдік есепті орындады.
Қатысушылардың жұмыстарын, құрамына қатысушы мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық әділқазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың нәтижесі бойынша Темірлан тағыда жоғары білімін көрсетіп, қола медаль иесі атанды.
Темірланды, оның ата-анасын және тәлімгерлерін жүлдемен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!



