2019 жылғы 21-30 шілде аралығында Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан 51-ші Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты.
Бұл олимпиада алғашқы рет 1968 жылы Прагада, Чехия елінде өткізілген болатын. Осы жылы Олимпиада Францияның Париж қаласында, әлемнің 80 елі арасында өтті. Қатысушылар өз білімдерін және дағдыларын екі турда көрсетті. Біріншісі теориялық міндеттерді шешуге арналған, екіншісі-тәжірибелік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстарды орындады.
Олимпиада қорытындысы жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Нұрлыхан-химия пәнінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының тамаша қатысушысы кезекті рет қола медальға ие болды.
Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» облыстық мамандандырылған лицейінің химия пәні мұғалімі Хасен Темірланға ерекше алғысымызды білдіреміз және біздің облысымыздың жас олимпиадашыларын дайындауда табыстар тілейміз.
Нұрлыхан, оның ата-аналары мен тәлімгерлерін кезекті марапатымен құттықтаймыз! Үлкен табыстар мен жеңістер тілейміз!


