+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Халықаралық физика олимпиадасына қатысу қорытындысы (ІРНО)
15 Шіл, 16:47

7-14 шілде аралығында Тель-Авивте (Израиль) физикадан Халықаралық олимпиада өтті.Оған әлемнің 70 елінен 364 оқушы қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық және тәжірибелік. Олимпиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері жарияланды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшесі, республикалық, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің10-сынып оқушысы - Мағуин Расұл тағы да лайықты өнер көрсетті және қола медальді жеңіп алды.

Расұлды, оның ата-анасын және тәлімгерлерін жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!