2019 жылдың 8-14 шілде аралығында Саха Республикасының Якутск қаласында «Туймаада» математика, физика, химия және информатикадан оқушылардың ХХVІ Халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың міндеттері мектеп оқушылары мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру, іргелі ғылымдармен айналысуға тарту, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас нысандарын кеңейту болып табылады.
Олимпиадаға Ресей, Болгария, Қазақстан, Румыния, Сингапур, Иран және Тәжікстан елдерінен 154 оқушы қатысты.
Теориялық және эксперименттік турлардың қорытындысы бойынша химия пәнінен үшінші дәрежелі дипломмен және қола медальмен Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Рахимғалиев Нұржан марапатталды.
Биылғы жылы Якутия басшысы Айсен Николаев олимпиада қатысушыларымен кездесті.Кездесу - білім беру, дарынды балаларды дамыту және қолдау мәселелерін талқылау бағытында болды.Кездесу барысында дарынды балаларға қолдау көрсету жүйесі аймағында іске асырылып жатқан заманауи технологиялар саласында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Кездесу аймақ басшысының құттықтау сөзімен аяқталды.
Нұржанды, оның ата-аналары мен тәлімгерлерін жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!