2019 жылдың 16-22 маусымы аралығында Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Спасск» оқу орталығында жастардың «Айбын - 2019» V республикалық әскери-патриоттық жиыны өтті. Құрамында 15 ұландары және екі жетекшісі – АӘД ұйымдастырушы ұстаз, капитан С.С. Махметов пен дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Б. Болатханов бар лицей командасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық «Жас ұлан» мектептері мен Қазақстан Республикасының мамандандырылған лицейлері арасында жалпыкомандалық І орынды, «Айбын - 2019» тактикалық ойынында Бас жүлдені иелінді және «Айбын-2019» абсалюттік чемпионы атанды.
Команданың есебінде 69 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдары, биік кермеден тартылудан ІІІ орын және кубок, «Айбын дауысы» номинациясында ІІ орын және кубок, әскерилендірілген кросста І орын және кубок, пневматикалық винтовкадан атудан І орын және кубок, әскерилендірілген эстафетада І орын және кубок бар.
Ойын қорытындысы бойынша республикалық «Жас ұлан» мектептерінің және Қазақстан Республикасы мамандандырылған лицейлерінің арасында І орын алғаны үшін Семей қаласындағы «Жас ұлан» лицейі командасының әр мүшесіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі генерал-майор Нурлан Байұзақович Ермекбаевтың атынан тау велосипеді табыс етілді, тактикалық ойындағы жеңістері мен «Айбын-2019» Бас жүлдесі үшін Семей қаласындағы «Жас ұлан» лицейіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі заманауи көпфункцияналды тренажер залын сыйға тартты.
