2019 жылдың 9-12 маусымы аралығында жас математиктер құрамындағы Шығыс Қазақстан облысының командасы ХІІ республикалық «Бастау» математикалық турниріне қатысты. Қатысушыларға Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі есік ашты.
Жыл сайынғы турнир айқын математикалық қабілеттері бар дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.
Турнирға еліміздің барлық аймақтарынан 50 команда құрамындағы 150 бастауыш сынып оқушылары қатысты. ШҚО намысын турнирдің облыстық кезеңінің жеңімпаздары қорғады.
Республикалық турнир үш кезеңнен өтті: «Әу баста!» (жазбаша командалық олимпиада), «Асық» (ауызша командалық олимпиада) және «Бәйге» (ауызша жеке олимпиада).
Математикалық турнирдің қорытындысы бойынша командалық есепте І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Иманбеков Мадияр – Семей қаласы, №6 гимназияның 4 сынып оқушысы;
- Владимирский Никита – Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы;
- Айнабеков Денис – Өскемен қаласы, №11 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы.
Жеке біріншілікте І дәрежелі дипломмен Нұрғазин Арнұр – Семей қаласы, Шәкәрім ат. көпбейінді гимназияның 3 сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар, жеке есепте ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Айнабеков Денис – Өскемен қаласы, №11 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы;
- Иманбеков Мадияр – Семей қаласы, №6 гимназияның 4 сынып оқушысы.
Республикалықғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталғандар:
- Рахан Олжас – Семей қаласы, Шәкәрім ат. көпбейінді гимназияның 2 сынып оқушысы;
- Кусманов Альтаир – Семей қаласы, №37 гимназияның 4 сынып оқушысы.
Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Табыс пен жеңіс тілейміз!
