+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«КИЕЛІ АЛТАЙЫМ – ТУҒАН ЖЕРІМ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІ ӨТКІЗУДІҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
12 Мау, 13:21

Өтетін орны:

ШҚО, археологиялық қазындылар орны: Аблаинкит (Ұлан ауданы); Елеке Сазы (Тарбағатай ауданы).

Өтетін күні:

17-23 маусым 2019жыл.

 

Тұңғыш Президенттің «Қоғамдық сананы жаңғырту» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында 2019 жылғы 17-23 маусым аралығында «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектептер өтеді.

Ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.

Қатысушылар: ШҚО білім беру мекемелерінің 8-10 сыныптарының 160 оқушысы (14 жас және жоғары).

Археологиялық экспедиция жетекшілері:

Елеке Сазы: Самашев З.С. - т.ғ.д., профессор, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, Ә.Х. Марғұлан ат. археология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР БҒМ ҒК; Төлеубаев А.Т. - т.ғ.д., профессор, Аль-Фараби ат. Қаз ҰУ.

Аблаинкит: Марк-Оливер Перу – Нантэ университетінің тарих және география профессоры (Франция); Казизов Е.С. - А.Х. Марғұлан ат. археология институтының ғылыми қызметкері, «Археологиялық сараптау» ТОО аға ғылыми қызметкері.

Экспедиция жұмыстары ғылыми-зерттеу болып табылады. Олар оқушылардың далалық жағдайдағы жұмыстарын қарастырады.

Археологиялық жазғы мектептер бағдарламасына:

  • қатысушыларды археологиялық ескерткіштердің түрлерімен таныстыру;

  • археологтармен бірге далалық зерттеу жұмыстарына қатысу;

  • қатысушыларды қазба материалдарымен таныстыру;

  • қатысушылармен далалық күнделікті жүргізу, суретке түсіру, аудио және бейнежазба;

  • баяндамалар, шеберлік-сыныптары, оқу-жаттығу сабақтары, қатысушылар үшін экскурсиялар;

  • қатысушылар өздерінің далалық күнделігін (жекелей) ұсынатын қорытынды конференция, Археологиялық мектепке (командалық) қатысуы жөнінде есеп енеді.

Археологиялық мектептерді өткізу туралы Ереже http://shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1200 сілтемеде.

Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО,

тел.: 8/7232/75-42-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru,

Калиахметова Инкар Ергазықызы