2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» Кешенді жоспарының жұмысының аяқталуына байланысты 2019 жылдың 16 мамырында ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ-де «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұйымдасқан оқу іс-әрекеті арқылы заманауи ойындық технологияларын жүзеге асыру («Ой ойна» ойындық технологиялар зертханасының мысалында)» атты облыстық семинар-практикумы өткізілді.
Семинар-практикумның жұмысына: Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, Өскемен қаласы білім бөлімінің өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері, әдіскерлері, педагогтары қатысты.
Семинар-практикумға қатысушыларды құттықтап: ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының ұйымдастыру-педагогикалық жұмыс бойынша директордың орынбасары Оразғалиева Жанна Аскерхановнамектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жаңартылған білім беру мазмұны аясында дарынды балалармен жұмыс істеудің инновациялық әдістері туралы, сондай-ақ облыстағы 16 «Ой ойна» зертханаларының жемісті жұмыстары туралы айтып өтті, «VALEO» инновациялы-шығармашылық жиынтығын енгізуді қорытындылағанШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ-нің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Ахаева Наталья Васильевна, сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру үрдісіне француз тілін енгізу жөніндегі жаңа жобасын таныстырып өтті.
Семинар барысында:
- қатысушыларға әртүрлі білім беру салаларында «VALEO» жиынтығын практикада қолдану мүмкіндігі туралы;
- ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ педагогтары Ляпунова И.Л., Сағаева Ж.К., Оразбаева С.Ю., Мұратова А.В. әртүрлі білім беру салалары бойынша ойындық технологияларды қолдануды, тәрбиеленушілердің өздерін бағалауды және топпен жұмыс жасауды көрсететін ұйымдастырылған оқу іс-шараларын;
- «Бэби валео скрам планшет» атты авторлық зерттемесін Жарликова В.И. ұсынды және қатысушыларды осы планшеттың көмегімен өзінің тобында рефлексияны қалай жүзеге асыратындығын таныстырды.
Семинар соңында дөңгелек үстел қатысушылары «VALEO» жиынтығын білім беру үрдісіне енгізу жөніндегіөздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, «Oй ойна» зертханаларында жүргізген жұмыстардың өнімділігі атап өтті, мектеп жасына жеткен балалардың «зияткерлік деңгейі», «логикалық ойлау даму деңгейі», «жалпы және ауызша емес интеллект дамуының деңгейі» оң динамикаға қол жеткізгендігін, бұдан кейінгі серіктестік туралы тілектерін айтты.