2019 жылдың 1-5 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Ресей Федерациясында өткен XIII Халықаралық «математика және жобалау» олимпиадасына қатысты.
Байқауға Ресей Федерациясы, Қазақстан және Болгария зияткерлері қатысты.
6 номинация бойынша ғылыми жобаларды қорғау Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінің қабырғасында өтті, оқушылар «Математикалық әлем» зияткерлік квестіне қатысты. Зияткерлер командалары математика және геометрия бойынша ұсынылған тапсырмалар бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша біздің облысымыздың келесі қатысушылары жүлделер деп танылды:
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Риддер ауданы, № 2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Шивцов Данил марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы облыстық дарынды балалрға арналған математика, физика және информатика саласындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Пятков Никита;
- Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 10 сынып оқушысы Кабыкенова Амина.
Бағдарлама аясында қатысушыларға Останкино телевизиялық мұнарасына, сондай-ақ XVIII ғасырдың Еуропалық маржаны - Кушково мұражай-мүлікіне экскурсия ұйымдастырылды.
Байқау жеңімпаздарын, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Сіздерге әрі қарай жетістіктер мен жеңістер тілейміз!






