+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қ.О. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
26 Нау, 18:06

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2019 жылдың                                              3 сәуірінде Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті базасындақазақ тілі мен әдебиеті пәнінен                    Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның құрметіне орай өтеді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизмді, азаматтылықты, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиадаға аудандық/қалалық іріктеу айналымынан өткен 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада 2 айналымнан тұрады: эссе жазу және ауызша айналымнан.

Оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білу бойынша сайысады.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Қатысушыларды тіркеу – сағ. 08.00-да. Олимпиаданың басталуы – сағ. 09.00-де.

Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдіретін бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 «Дарын» ШҚ ӨҒПО мекен-жайына немесе 8(7232)70-02-44 телефонына хабарласу қажет.