+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының ХІV республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына қатысу қорытындысы
01 Ақп, 16:04

2019 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларына ХІV республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.

Конкурс жыл сайын балалардың зерттеу қызметіне дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа барлық өңірден 500-ден аса оқушы жиналды. Бұл конкурста Шығыс Қазақстан облысының намысын 28 оқушы (23 жоба) қорғап қайтты. Жас зерттеушілер өздерінің қызықты және бірегей тақырыптарымен байқауға лайықты түрде қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО құрама командасының жетістіктер қоржынында  12 бірінші, 9 екінші және 7 үшінші орын бар.

I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Аскерханова Аружан – Ұлан ауданы, Б. Ахметов ат. орта мектептің 4 сынып оқушысы;

- Асқар Нұрислам – Семей қаласы, №6 гимназияның 4 сынып оқушысы;

- Бақытжан Арнұр – Күршім ауданы, №3 Күршім гимназияның 2 сынып оқушысы;

- Демесинов Алижан – Семей қаласы, №6 гимназияның 4сынып оқушысы;

- Ерофеева Ксения – Алтай ауданы, №2 Жаңа-Бұхтырма орта мектебінің 6 сынып оқушысы;

- Канапиянова Лейля – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 3 сынып оқушысы;

- Қаби Исламнұр – Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы;

- Мальцев Руслан –Жарма ауданы, В. Маяковский ат. орта мектептің 2сынып оқушысы;

- Рамазанов Әміре – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы;

- Сайлаубекова Іңкәр – Өскемен қаласы, №47 орта мектептің 1 сынып оқушысы;

- Серікқан Рамазан – Күршім ауданы, Жолнұсқау орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

- Сулейменов Роман – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның3 сынып оқушысы.

II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Әбілтаева Ниана – Семей қаласы, №22 орта мектептің 4 сынып оқушысы;

- Есболқызы Елдана – Күршім ауданы, №3 гимназияның 5 сынып оқушысы;

- Затеев Богдан – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің6 сынып оқушысы;

- Золотавина Арина –Күршім ауданы, №1 орта мектептің 5 сынып оқушысы;

- Иманбаев Марғұлан – Семей қаласы, №37 гимназияның 3 сынып оқушысы;

- Қаби Бибіханым – Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы;

- Позябко Лаура – Глубокое ауданы, Белоусовка мектеп-балабақша кешенінің 3 сынып оқушысы;

- Чепурнова Александра –Глубокое ауданы, Белоусовка мектеп-балабақша кешенінің 3 сынып оқушысы;

- Черубаева Ания –Семей қаласы, №37 гимназияның 7 сынып оқушысы.

III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Айнабек Диана – Глубокое ауданы, Степное негізгі мектеп-балабақша кешенінің 3 сынып оқушысы;

 - Валитова Аяла – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің3 сынып оқушысы;

- Воронин Данила – Риддер қаласы, №16 орта мектептің 4 сынып оқушысы;

- Жадринова Амина – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің4 сынып оқушысы;

- Советханов Мақсат – Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев ат. №43 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы;

- Труфанов Иван – Глубокое ауданы, Белоусовка мектеп-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы.

- Федорова Арина – Бородулиха ауданы, Т. Аманов ат. орта мектептің  6 сынып оқушысы.

 

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!