+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ШҚО командасының Республикалық «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар сайысына қатысқан қорытындысы
06 Қар, 10:10

Шығыс-Қазақстан обласының командасы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2018 жылдың 31 қазан және 4 қараша аралығында Алматы қаласында өткізілген Республикалық интелектуалды «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар сайысына қатысты.

Сайыс мақсаты талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың потриоттық және азаматтық сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.

Сайыс барысында оқушылар төрт номинация бойынша шығармашылық жұмыстар дайындады. Қатысушылар өз елді мекенінің тарихы, көрікті жерлері мен ерекшеліктері  жайлы бейнежазбалар мен эссе ұсынды. «Менің кіші Отанымның болашағы» тақырыбында жасалған макеттер түпнұсқасымен, ұлттық нақыштылығымен ерекшеленді.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды.

«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласыныңдарынды балаларға арналған«Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының9 сынып оқушысы Нугуманова Елизавета марапатталды.

«Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Семей қаласының Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 9 сынып оқушысы Халелова Еркежан марапатталды.

«Менің туған жерім» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Аягөз ауданы, Ақши Орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нурекеева Гүлжан марапатталды.

«Кіші Отан таңбасы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Күршім ауданының№3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Каримова Ботагөз марапатталды.

 

Марапатқа ие болған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!